Есенберлин, І. 
Алмас қылыш. Көшпенділер [Мәтін] : тарихи роман / І. Есенберлин. - Нур-Султан : Фолиант, 2021. - 368 бет.

     Көшпенділер — Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» атты үш кітаптан тұратын тарихи эпопеясы. Бұл шығарма — қазақ сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі. Трилогияның «Алмас қылыш» атты бірінші кітабында ХV-ХVІ ғасырлардағы Қазақ хандығының құрылуы, Дешті Қыпшақ ханы Әбілқайырдың кезінде қазақ руларының бірігіп, Қазақ хандығының қол астына топтасуы, бір жағы — Әбілқайыр, екінші жағы — Жәнібек, Керейлердің таққа, билікке таласы, хан ордасындағы шытырман оқиғалар баяндалған.